На главную

 

 

Компания туралы
1973 жылы Жезқазған мыс балқыту зауытының күкіртқышқыл цехының бір учаскесінде шайылған күкірт қышқылынан аммоний перренатын алу мақсатымен тәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғы құрастырылды. Осы уақытта сирекметал цехының қорпусы салынып жатты, ол 1976 жылы пайдалануға берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 28 қырқүйекте қабылданған №1292 қаулысына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Мемлекеттік Комитетінің 1995 жылғы 4 қазанда қабылданған №278 қаулысына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – «Жезқазғансирекмет» құрылды. «Жезқазғансирекмет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлігінің, индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі Комитетінің аммоний перренатын, рений қышқылын, металдық ренийді ұнтақ, штапик, таблетка түрінде және осмий-187 изотопын өндіретін Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік кәсіпорын. Кәсіпорынның бар өнімі түгелдей экспортқа ТМД елдеріне және алыс шетелдерге шығарылады.
Қазақстан әлемде теңдесі жоқ шикізат кен қоры бар жалғыз мемлекет, құрамында рений және таза осмий-187 изотопы бар, ренийдің радиоактивтік жартылай ыдырауынан пайда болады (жартылай ыдырау мерзімі шамамен 45 млрд.жыл).

Кен орнының бірден-бір маңызды ерекшелігі – Жезқазған кенінде 99 пайызы Os-187 изотопы, өздігінен жезказганит атты жұқадисперсиялық минералды құрайтын, концентрациясы жоғары осмийдің болуы.

Кәсіпорынның негізгі міндеті - құрамында осмий, рений, сирек металдар бар шикізатты өңдеу және осы металдардың өнімдерін өңдіру, ғылым саласындағы сұрақтар бойынша материалдарды өңдеп, өндірістік-шаруашылық жүргізіп және нақты шешімдер арқылы жаңа жетістіктер мен міндеттерге жетуге арналған.

«Жезқазғансирекмет» РМК-ны Қазақстанның ғылыми институттарымен бірлесе отырып, сирек металдарды айыру және зерттеу орталығы болып отыр.

Кәсіпорынның бар өнімі елімізде қолданылмайтын болғасын, түгелдей экспортқа шығарылады. «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ренийді өндіру бойынша әлем кәсіпорындарының озық бестігіне кіреді. Өнім тұтынушылары – жақын және алыс шетел фирмалары.

Бір сөзбен айтқанда, «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны - жоғары технологиялық, жаңаша, ғылымды алға қоятын және сирек метал өндірісінде алда болашағы өте зор кәсіпорын болып табылады.

 
 
 
All rights reserved©Redmet.kz© 2005 priemnaya-dir@redmet.kz