На главную

 

 

Өндіріс тарихы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Жезқазған кен орнындағы мысты сульфидтік кендер рений және осмий алудың негізгі көзі болып табылады. Дүние жүзіндегі басқа кен орындарынан Жезқазған кен орны бөлек болғандықтан, оның бірден-бір маңызды ерекшелігі – Жезқазған кенінде 99 пайызы Os-187 изотопы мен ренийден тұратын, өздігінен жезказганит атты жұқадисперсиялық минералды құрайтын, концентрациясы жоғары осмийдің болуы.

Сирек метал цехының (аммоний рений қышқылын экстракциялық әдіспен шайынды күкірт қышқылынан өндіру) бас жобалаушысы Мәскеу қаласының «Гинцветмет» проектілік институты болып табылады.

Технологиялық процестерде сирек металдарды айыруда Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың интелектуалдық меншікті еңбектері жатыр, негізінен

– Гинцветмет, Гипроцветмет, ҚР металлургия және байыту институты, ҚР геологиялық ғылымдар институты. Ғалымдармен бірлесіп кәсіпорын жұмыскерлері ондаған ой-өнерлерін ашып, ҚР патенттерін және Кеңес одағының авторлық куәліктерін қорғаған. Осы еңбектердің көбісі рений мен осмийді айыру жолына арналып, кәсіпорынның сирек метал цехының жағдайына бейімделіп енгізілген, атап айтқанда:

- 1987 жылы ҚР МжБИ сирек метал өндірісінің қатты және сұйық өнеркәсіп өнімдерінен осмийді бөлу бойынша зерттеулер жүргізілді, нәтижесінде осмий концентратын қатты фазалық реэкстракция ерітінділерінен осмий аффинажы процесін жалғастыру арқылы алу технологиясы жасалды;

- 1991 жылы кәсіпорында ҚР МжБИ жасаған рений қышқылын кондициялық емес рений тұздарынан алу процесі (өнеркәсіптік қондырғы осы уақытқа дейін жұмыс істейді); - 1993 жылы Жезқазғандық мыс концентраттарын қайта өңдеу процесі кезінде рений мен осмийдің қимылын байқау мақсатында және оларды өндіруді келешекте арттыру үшін, өнімдерге бөліп металлургия, күкірт қышқылы және сирекметал өндірістерінде газдық фазада металдық құрамын есептеу. Қорытынды нәтижесі бойынша, рений мен осмийдің концентраттарының өнімдері болып шайынды күкірт қышқылы, шлам, шаң және қатты фазалық реэкстракциялық рений ерітінділері анықталды. Соңғы өнімнің құрамы бай болғандықтан, келешекте осмий-187 алудың алғашқы көзі болып табылды.

- 1994 жылы ҚР МжБИ ренийді қатты фазалық реэкстракция процесінде құрамында рений бар ерітінділерден селективтік айыру әдісі енгізілді;

- 1995 жылы өнеркәсіп жағдайында жасалған көп жылдық зерттеу жұмыстарынан кейін, бірінші рет дүниежүзілік тәжірибеде ҚР МжБИ ғалымдары мен кәсіпорын жұмыскерлерінің бірлескен күшімен осмий-187 металдық радиогендік изотопы шығарылды. Осы жылы сирек метал цехының базасында осмий-187 шығаратын учаске ашылып және іске қосылды; - 1996 жылдың аяғында рений металдық ұнтағының бірінші партиясы алынып, аммоний рений қышқылын сутегімен қайтару технологиясы негізінде металдық рений өндіру бойынша учаске құру жобасы жасалды;

- 2000 жылы ҚР МжБИ қорғасын шламы мен кектерін кешенді қайта өңдеу арқылы ренийдің негізгі бөлігін ерітіндіге бөліп, құрамында осмий-күміс бар концентрат және үш негізді қорғасын сульфатын алу технологиясы жасалды;

- 2001 жылы өндіріске ҚР МжБИ жасаған жоғары температурадағы рений реэкстракциясы бойынша, шығатын өнімнің сапасын артыратын жоба енгізілді; - 2009 жылы өндіріске «МжБ, Жер туралы ғылым орталығы» АҚ жасаған аммоний перренатын сұйық қара тұнбадан алу бойынша, сирек металдардың шығынын өте азайтатын, және де өндіру көлемін ұлғайтатын технология енгізілді;

- 2011 жылы өндіріске «МжБ, Жер туралы ғылым орталығы» АҚ жасаған аммоний перренатын қоспалардан сорбциялық әдіспен тазалау бойынша, шығатын өнімнің сапасын артыратын технология енгізілді; - 2013 жылы өндіріске «МжБ, Жер туралы ғылым орталығы» АҚ жасаған рений мен осмийді ерітінділерден, қара тұнбадан бөлу бойынша, ренийдің бөліну дәрежесін арттыратын технология енгізілді;

- 2013 жылы өндіріске «МжБ, Жер туралы ғылым орталығы» АҚ жасаған осмийді өндіріс қалдықтарынан – қолданған шайынды күкірт қышқылынан бөлу бойынша технология енгізілді.

Redmet.kz© 2005 priemnaya-dir@redmet.kz