На главную

 

 

Технологиядан қысқа мінездеме

Өндіріс технологиясының негізіне Жезқазған мыс қорыту зауытының шайынды қышқылынан бағалы компоненттерді экстракциялық бөлу жатады. Шайынды қышқыл «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС мыс қорыту зауытының күкірт қышқылы цехынан қышқыл өткізгіш арқылы қабылдағыш бактерге келеді.

Әбден тұнып және салқындағаннан кейін, бастапқы шайынды қышқыл (декантат) жинағыш-бактарға құйылып, сосын насос арқылы рамалы пресс-фильтрге шламнан бақылау фильтрациясы үшін айдалады.

Фильтрленген шайынды қышқыл өз ағынымен пресс-фильтрден жинағыш-бактарға бағытталады, сосын ренийді бөлу үшін экстракторларға жіберіледі. Астыңғы ағынды (шламдар) қабылдағыш айналмадан айналма-бактерге айдалып сумен шайылады. Шлам отырған соң жоғарғы ағын (декантат) бак арқылы бастапқы шайынды қышқылмен араласып, сосын бақылау фильтрациясынан кейін экстракция бөліміне жіберіледі.

Астыңғы ағын (шламдар) кальцийлі содамен нейтралдау үшін айналмаға айдалады. Нейтралданған шлам барабанды вакуум-фильтрлерде фильтрацияға ұшырайды. Одан алынған қорғасынды кек темір контейнерлерге салынып, сақтау қоймасына жіберіледі. Шайынды қышқылдан ренийді экстракциялау жәшік түріндегі экстракторларда өткізіледі. Экстрагент түрінде органикалық фазадағы қоспалар: тазартылған керосин, 2-этилгексанол және триалкиламин белгілі мөлшерде қолданылады. Экстрагент рений қышқылынан экстрагенттеліп, эксртактқа айналып, келесі стадияға реэкстракцияға жіберіледі. Қолданылған шайынды қышқыл (рафинат) экстракция процесінен кейін, жинағыш-бакқа жіберіледі, одан әрі байыту фабрикасының сақтағыш астауына шығарылады. Реэкстрагент түрінде суланған аммиак қолданылады. Экстракты қайта өңдеу нәтижесінде қатты фазалық реэкстракторларда пульпа (рений тұзы) пайда болады. Пульпа қажетінше аппараттардан түсіріліп, тұну және декантация процесінен кейін, тұз бөліміне тауарлық рений тұзын өндіруге жіберіледі. Органикалық фазаны қара тұздардан (пульпадан) толығымен арылту үшін, парлау операциясы қолданылады. Режимдік параметрлерді сақтап, бірнеше еріту және кристаллизациялау циклдерін жүргізу нәтижесінде тауарлық өнім – аммоний перренаты алынады, техникалық жағдайдың барлық талаптарына сәйкес.

Реэкстракция процесі кезінде құрамында рений-осмий бар ерітінді пайда болып, одан ренийді ажыратқанға дейін, тұндыру процесіне кешенді тұздарды алуға жіберіледі. Фильтраттың бір бөлігі, одан құрамында осмий бар өнеркәсіптік өнімдерді ажыратып алуға жіберіледі.

«Жезқазғансирекмет» РМК сирек метал цехында «МжБ, Жер туралы ғылым орталығы» АҚ жасаған ғылыми жұмыстары арқасында ренийді ажырату әдісі 1% да жоғары көтерілді.

 
 
 

 


 
 
 
Redmet.kz© 2005 priemnaya-dir@redmet.kz