На главную

 

 

Динамика производства по сортам
Шығарылатын өнімнің қолдану аясы
Ренийді қолданудың аумақты аясы болып табылатындар:
- авиақұрылыста қолданылатын рений қосылған арнаулы қатты қоспалар – 60-70% дейін сұраныс;
- мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін катализаторлар өндіру – 15-20% сұраныс. Бұл өнеркәсіпте биметалдық платиналы-ренийлік катализаторлар жоғары октандық көмірсутегін алу процесінде қолданылып, қорғасынсыз бензин өндіруде пайдаланылады;
- құрамында рений бар қоспалар термобу, температура реттегіштер, қыздыру элементтерін, иондалған манометрлер, масс-спектрографтар, электрвакуумды құралдар, электронды лампалар, тиглдер, электрлі контактілер, металды қаптаулар, электрмагниттер мен жартылай өткізгіштер өндіруде қолданылады – 5-10% тұтыным.
Осмий кезеңдік жүйедегі барлық элементтердің арасында рекордтық тығыздыққа ие – 22,5 г/см3. Осмийдің бір ерекшелігі – өте жоғары қаттылығы, онымен көптеген металдар бәсекеге түсе алмайды.
Осмиийдің өте қаттылығы, коррозияға төзімділігі, тозбайтындығы, магниттік қасиетінің жоқтығы, оның иридиймен қосылу қоспасын керемет материал қылады, компастың тілін, дәлдік өлшегіш құралдардың осьтерін және сағаттық механизмдер жасауға пайдаланылады. Сондай-ақ хирургиялық саймандар және піл сүйегін өңдеу үшін кескіштер дайындалады. Осмийдің қаттылығымен қоса тағы бір қасиеті белгілі, оның қиын балқуы. Балқу температурасы бойынша (30000С), ол платиноидтардан асып, басқа да көптеген металдардан өсіп кетті.
Осмийдің каталитикалық айналысы: гидрогенизациялық органикалық заттарда қолдану реакциясы оптималдық нәтижелер береді. Осмий катализатор түрінде және кейбір дәрілік препараттарды синтездеуде қолданылады. Химиялық өнімдерге оның әлемдік сұранысының жартысы жұмсалады.
Осмийдің радиогендік изотопы өте тұрақты және радиоактивтік мәнде ешқандай қауіп әкелмейді.
Осыған орай, рений мен осмийдің жоғарыда көрсетілген қасиеттері, олардың жоғары технология бойынша жаңаша материалдар өндіру бойынша, метал мен қоспалар негізінде жасау және дамыту, металлургия саласында болашақтың металы ретінде болатынын көрсетеді. Бұл, яғни рений мен осмий изотопы кепілдік материал ретінде, алтын мен алмазды ауыстыруға негіз болып табылатынын білдіреді.
 
Redmet.kz© 2005 priemnaya-dir@redmet.kz