На главную

 

 

1 сентября стартует прием заявок в Президентский молодежный кадровый резерв


«Жезқазғанредмет» кәсіпорнына қатысты түсініктеме

Қоғамда «Жезқазғанредмет» РМК-ның қызметі жөнінде жаңсақ пікір қалыптасуына байланысты бұл мәселе бойынша ресми дәйекті мәлімет беруді орынды деп санайды.

Біріншіден, «Жезқазғанредмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жезқазған қаласының маңындағы кеніште және тұтастай Ұлытау облысында қандай да бір өндіріс пен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізбейтінін айта кету керек. Сондай-ақ бұл кәсіпорынның қалдықтарды көмуге арналған жеке немесе жалға алынған полигондары жоқ. Кәсіпорынның қызметтік жарғысында мұндай жұмыс түрі қарастырылмаған.

Бұған қоса келісімшарт талаптарына сәйкес ЖРМ өңдейтін шикізат пен барлық өнеркәсіптік өнім «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі. Яғни, мыс өндірісінің қалдықтарын бейтараптандырып, жою жұмыстарына корпорация жауапты.

Британиялық Maritime House компаниясымен арадағы келісімге тоқталсақ, 2023 жылдың ақпанында толлинг негізінде қайталама шикізатты бірлесіп өңдеу туралы уағдаластық жасалған болатын.

Сирек металдарды алу бойынша ыстыққа төзімді никель құймаларының өңдеу технологиясын «Қазақмыс корпорациясы» «Металлургия және байыту институты» АҚ ғалымдарымен бірлесіп әзірлегенін атап өткен жөн.

Қалдықтарды өңдеу ісі төмендеп кеткен негізгі өндіріс көлемінің орнын толтырып, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейтуге арналған. Сонымен бірге бұл бағыттағы озық шешімдер «Жезқазғанредметтің» қаржылық, өндірістік және әлеуметтік мәселелерін шешуге оң әсер беруі тиіс.

2020-2022 жылдары осы кәсіпорында тың технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін көрсету үшін күшейтілген тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді.

2020 жылы Қарағанды облысы бойынша экология департаменті қоршаған ортаға түсетін әсерді талдаса, 2021 жылы «Ұлттық сараптама орталығы» РМК өндірістік алаңда орналасқан қызметтік бөлмелердегі ауаға, сондай-ақ ауыз су мен метеорологиялық факторлардың үлгілеріне сараптама жүргізген. Екі зерттеудің нәтижелері бойынша қандай да бір бұзушылықтар анықталмаған.

Бұдан бөлек 2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мамандары екі рет радиациялық өлшем жүргізіп, соған сәйкес өндірістік алаңда радиация деңгейінің табиғи нормадан аспағаны байқалды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

«Жезқазғансирекмет» РМК-да комплаенс-бақылау функциясы енгізіліп және іске асырылуда. Оның мақсаты Кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметін жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін комплаенс-тәуекелдерді басқару болып табылады.

Комплаенс-қызметі сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастырумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің жұмыс істеуіне жауапты.

Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен персоналы арасындағы сыбайлас жемқорлықтың барлық фактілерін, сондай-ақ олардың тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін және Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу фактілері туралы

+7 (7102) 72-32-78 сенім телефонына қоңырау шалуды сұраймыз.

Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.

Панфилов

1941 жылдың 16 қарашасы – генерал И.В. Панфилов дивизиясының 28 жауынгері ерлік жасаған күн. Мәскеу түбіндегі Дубосеково жол айырығында өткен жанкешті шайқаста кеңес батырлары жиырма шақты неміс танкін жойып, фашистердің астананы бұзып өтуіне жол бермеді.

Панфилов дивизиясы 1941 жылдың жазында Алматы қаласында Қазақ және Қырғыз КСР әскеріне шақырылғандар мен еріктілерден жасақталды. Қолбасшылықты генерал-майор Иван Панфилов алды. Бұл дивизияның құрамында Бауыржан Момышұлы да бар еді.

Панфиловшылардың ерлігі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Мәскеу үшін фашистік басқыншыларға қарсы шайқастың қаһармандық үлгісі болды.

16 қарашадай тарихи күннің қарсаңында Елбасы кітапханасы панфиловшыларды еске алуға арналған бейнеролик дайындады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

24 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымының күні. Бұл күн әлемде 1948 жылдан бастап аталып келеді. БҰҰ күні 1945 жылы БҰҰ Жарғысы күшіне енген күннен бастап аталып өтіледі.

Қазақстан БҰҰ мүшелігіне 1992 жылғы 2 наурызда қабылданды. Сол күннен бастап біздің еліміз Ұйымның халықаралық құқық негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық қатынастарда сенімді қалпына келтіруге бағытталған бастамаларын толық қолдайды.

 «Біріккен Ұлттар Ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіпсіздік пен даму үшін баршаға қажетті үнқатысудың бүкіләлемдік мінберіне айналды. Адамзат одан өзінің әралуандықтағы бірлігін, біздің ғажап бірегей планетамыздың тағдырына қатыстылығының ортақтығын сезінеді», – деген болатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның барлық маңызды бастамалары БҰҰ жоғары мінберінен айтылып, әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие болды.

«БҰҰ бүкіл әлемдік қоғамдастықтың еркіндігін көрсететін әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым болып қала береді», – деді 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры болып жұмыс істеген Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев.

БҰҰ-ның айтулы күніне орай Елбасы кітапханасы бейбіт идеяларды жүзеге асыруға және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған Қазақстан мен БҰҰ арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың тарихы туралы бейнеролик дайындады.

 
 
 

 


 
 
 
Redmet.kz© 2005 priemnaya-dir@redmet.kz